Қазақстанда алғаш рет микроқаржы омбудсманы институты енгізіледі

Қазақстанда алғаш рет микроқаржы омбудсманы институты енгізіледі

Оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау және дауларды сотқа дейін реттеуге көмектесу. Микроқаржы омбудсманы қазақстандықтардың микрокредиттерге байланысты дауларын, соның ішінде мерзімі өткен қарыздарды реттеп, коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерді қарайды.

Омбудсманның көмегіне тек микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) клиенттері – жеке тұлғалар жүгіне алады. Оның қызметтері тегін болады. Омбудсман тәуелсіз төреші ретінде әрекет етіп, дауларды сотқа жүгінбей шешуге ықпал етеді.

Бұл ретте омбудсман қабылдаған шешімді микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы орындауға міндетті. Егер тараптардың келісімімен басқа мерзім белгіленбесе микроқаржы омбудсманының шешімі 30 күннің ішінде орындалуы керек.

Микроқаржы омбудсманының құзыретіне сотқа жолданған істер немесе заңды күшіне енген сот актілері кірмейді. Сондай-ақ дәлелденбеген жағдайлар бойынша немесе жаңа мән-жайлары анықталмай қайта жолданған өтініштер қаралмайды.

Микроқаржы омбудсманының қызметі микрокредит беру нарығын құқықтық алаңда дамытуға ықпал етеді. Бұл институт микроқаржылық ұйымдарды заңнаманы сақтауға және қызмет көрсетудің озық тәжірибелерін енгізуге ынталандырады. Айта кетейік, қазіргі уақытта елде банк және сақтандыру омбудсмандары жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 220 ұйым, 215 кредиттік серіктестік және 497 ломбард бар.

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.

 

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

press@finreg.kz

Соңғы жаңалықтар

Ипотекалық сақтандыру: әрбір қарыз алушы нені білуі керек

Ипотекалық сақтандыру нені қамтиды және оның қандай түрлері бар екенін Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық! Әдетте, ипотекалық кредит алған кезде кредитор клиентке мүліктің өзін немесе оның өмірін, денсаулығын және мүгедектік қаупін сақтандыруды ұсынады. Алайда, мүмкіндіктер тізбесі мұнымен аяқталмайды, Қазақстандағы ипотекалық сақтандырудың барлық қолжетімді нұсқаларын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қарыздарды есептен шығаруға көмектесемін: алаяқтар азаматтарды алдау үшін қандай схемаларды қолданады

Әр адам қаржылық қиындыққа ұшырауы мүмкін. Ипотека, кредиттер, бөліп төлеу – міндеттемелер көп болған кезде, оларды еңсеру қиындай түседі. Мұндай сәттерде адамдар «кредиттік шұңқырдан» тезірек шығуға үміттеніп, тез шешім іздейді. Мұны алаяқтар қарыздан құтылудың тиімді схемаларын ұсына отырып пайдаланады, бірақ іс жүзінде адам ақшасын жоғалтып, одан да қиын жағдайға тап болуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz