Қаржы нарығына қатысушылар және сарапшылар банктер туралы заңды әзірлеу тәсілдерін талқылады

Қаржы нарығына қатысушылар және сарапшылар банктер туралы заңды әзірлеу тәсілдерін талқылады

Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Агенттік Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің Төрағасы Елена Бахмутова, екінші деңгейдегі банктердің басшылары, сарапшылар қатысты.

Агенттік жаңа заң жобасын Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтылған тапсырмасы бойынша әзірлеуде. Президент экономикалық белсенділікті ынталандырудың және қаржы-технологиялық сектордың одан әрі серпінді дамуының өзектіміндеттерінежауап беретін заңды әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Жаңа заңды әзірлеудің негізгі тәсілі банктерді реттеудің артық немесе ескірген нормаларын тексеру болады. Банк секторында қаржылық технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері қаралатын болады. Сонымен бірге  «реттеуші орта» шеңберінде жаңа қаржылық қызметтер мен технологияларды сынақтан өткізу үшін қол жетімділік жеңілдетілетін болады.

Сонымен қатар Агенттік базалық және әмбебап банктік лицензияларды енгізу мәселесін пысықтауда. Қазіргі уақытта Қазақстанда лицензияның бір түрі (әмбебап) көзделген және барлық банктер үшін бірыңғай талаптар белгіленген. Халықаралық тәжірибе микро- және шағын бизнесті кредиттеу үшін банктер үшін төмендетілген реттеушілік талаптарды белгілеуге болатынын көрсетіп отыр.

Банктер мен қарыз алушылардың мүдделері арасындағы ақылға қонымды теңгерімді сақтау шеңберінде банктердің қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттесуі кезінде іс-қимылды қадағалау тетіктерін енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ жаңа заң аясында дәстүрлі банктерге исламдық қаржылық өнімдерді ұсыну мүмкіндігін беру ұсынылады.

Банк жүйесінің орнықтылығын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жүйесі реформаланатын болады. ХВҚ ұсынымдарын ескере отырып, Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Агенттіктің рөлдерін нақты айқындаумен мемлекеттік қаражатты пайдалану шарттарын қатаңдату, мемлекеттік қолдау толық қайтарылғанға дейін дивидендтер мен бонустарды төлеуді шектеу, сондай-ақ реттеу жоспарларына және капиталға айырбасталатын міндеттемелердің ең төменгі деңгейіне (TLAC)  қойылатын талаптарды енгізу жоспарлануда.

Талқылау барысында қаржы нарығының өкілдері мен сарапшылар халықаралық тәжірибені ескере отырып, заң жобасына енгізу үшін түрлі ұсыныстар айтты. Қатысушылар нақты бағыттар бойынша жұмыс топтарында құжатты талқылау мен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Заң жобасын жаңа редакцияда әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы биыл қазан айында құрылды. Қазіргі уақытта Агенттік қаржы нарығына қатысушылардан және сарапшылар қоғамдастығынан ұсыныстар жинауға кірісті, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізілуде, заңгерлік және экономикалық мәселелер бойынша консультанттар тартылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Соңғы жаңалықтар

Ипотекалық сақтандыру: әрбір қарыз алушы нені білуі керек

Ипотекалық сақтандыру нені қамтиды және оның қандай түрлері бар екенін Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық! Әдетте, ипотекалық кредит алған кезде кредитор клиентке мүліктің өзін немесе оның өмірін, денсаулығын және мүгедектік қаупін сақтандыруды ұсынады. Алайда, мүмкіндіктер тізбесі мұнымен аяқталмайды, Қазақстандағы ипотекалық сақтандырудың барлық қолжетімді нұсқаларын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қарыздарды есептен шығаруға көмектесемін: алаяқтар азаматтарды алдау үшін қандай схемаларды қолданады

Әр адам қаржылық қиындыққа ұшырауы мүмкін. Ипотека, кредиттер, бөліп төлеу – міндеттемелер көп болған кезде, оларды еңсеру қиындай түседі. Мұндай сәттерде адамдар «кредиттік шұңқырдан» тезірек шығуға үміттеніп, тез шешім іздейді. Мұны алаяқтар қарыздан құтылудың тиімді схемаларын ұсына отырып пайдаланады, бірақ іс жүзінде адам ақшасын жоғалтып, одан да қиын жағдайға тап болуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz