Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?

Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?

«OYLA» жастарға арналған ғылыми-танымдық журналының желтоқсан айындағы алғашқы шығарылымы күрделі де қызықты тақырыпқа арналған –журналдың осы санынан ақшаны көбейту үшін қайда салуға болатыны және жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымшаларды қалайша сауатты пайдалану керектігін білесіздер. Бұл ақпаратты оқушылар қаржы әлемінен дүниетанымын кеңейту үшін ата-аналарымен бірге зерттеп, оқи алады.

Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі -түсті иллюстрациялар, коллаждар-мұның бәрі жас қаржыгерлерге материалды тез игеруге көмектеседі.

Бұл ретте, бағалы қағаздар нарығына инвестиция салуды бастамас бұрын, мақсаттарыңызды анықтап, қаржылық жағдайыңызға бағалап беру маңызды. Инвестиция тез пайда табудың жолы деп сену қате ұғым. Табысты инвестициялау шыдамдылық пен нақты стратегияны қажет етеді.

Өз ақшаңызды шығындар мен алаяқтардан қорғау — кез-келген инвестордың басты міндеті. Сондықтан инвестициялау кезінде белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

1. Брокердің лицензиясын тексеру. Брокерде реттеушінің лицензиясының бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында тексеруге болады. Бұл брокердің заң бойынша жұмыс істеуінің және реттеушінің барлық қажетті талаптарын орындауының кепілі.

2. Дербес деректердің құпиялылығы. Ешқашан дербес деректер мен парольдерді бөгде адамдарға беруге болмайды. Алаяқтар өздерін брокерлер мен банктер ретінде көрсете алады.

4. Инвестицияланған қаражаттан түсетін пайдаға ешкім  кепіл бермейді.  Егер кімде кім биржада тәуекелсіз 20-30%-дық кіріске уәде берсе, бұл алаяқтар. Қандай да бір қаржы құралының жоғары кірістілігі әрқашан тәуекелдермен қатар жүреді.

5. «Қауіпсіздік жастығын» қалыптастырыңыз. Сізде әрқашан күтпеген шығындар жағдайына қаржылық қауіпсіздік жастығы болуға тиіс.

Естеріңізге саламыз, балаларға арналған қосымшалар Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.

 

«Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен толығырақ оқыңыз.

 

Соңғы жаңалықтар

Ипотекалық сақтандыру: әрбір қарыз алушы нені білуі керек

Ипотекалық сақтандыру нені қамтиды және оның қандай түрлері бар екенін Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық! Әдетте, ипотекалық кредит алған кезде кредитор клиентке мүліктің өзін немесе оның өмірін, денсаулығын және мүгедектік қаупін сақтандыруды ұсынады. Алайда, мүмкіндіктер тізбесі мұнымен аяқталмайды, Қазақстандағы ипотекалық сақтандырудың барлық қолжетімді нұсқаларын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қарыздарды есептен шығаруға көмектесемін: алаяқтар азаматтарды алдау үшін қандай схемаларды қолданады

Әр адам қаржылық қиындыққа ұшырауы мүмкін. Ипотека, кредиттер, бөліп төлеу – міндеттемелер көп болған кезде, оларды еңсеру қиындай түседі. Мұндай сәттерде адамдар «кредиттік шұңқырдан» тезірек шығуға үміттеніп, тез шешім іздейді. Мұны алаяқтар қарыздан құтылудың тиімді схемаларын ұсына отырып пайдаланады, бірақ іс жүзінде адам ақшасын жоғалтып, одан да қиын жағдайға тап болуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz