Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады

Бала мен қаржы: қалта ақшасын қалай онлайн басқаруға болады

Бай-бақуатты өмір сүргісі келетін адамдардың барлығы жеке қаржысын  басқаруды үйренулері қажет. Алайда, тек есептеуге болатын нәрсені ғана басқара аласыз, сондықтан барлық кірістер мен шығындарды жазып отыру  маңызды. Оны кәдімгі дәптерге немесе қойын дәптерге жазып отыруға болады немесе мобильдік қосымшаны пайдалануға болады, онда арнайы бағдарламаның өзі-ақ диаграммалар түрінде сандарды бағандар бойынша көрсетеді.  Бұл пайдаланушыға өте ыңғайлы, себебі өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың көзбе-көз көріп отырасыз.

Бюджетті жүргізуге арналған цифрлық сервистердің көмегімен күнделікті шығындарды, сондай-ақ жоспарланбаған шығындарды жазып отыруға болады, сонымен қатар қайталанатын транзакцияларды көріп, шығындарыңызды бақылауда ұстап отыру үшін еске салатын функцияларды қосуға болады.

Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі – түсті иллюстрациялар, коллаждар-мұның бәрі жас қаржыгерлерге материалды тезірек игеруге көмектеседі.

Өздеріңізге мәлім, балалар ересектердің іс-әрекеттеріне еліктейді, олардың түрлі нәрселерге, соның ішінде ақшаға деген көзқарасын саналарына сіңіреді. Сондықтан қаржыңызды басқаруда өзіңіз үлгі болу аса маңызды. Балаңызбен дүкенге барған кезде оның назарын тауардың құнына аударыңыз, үнемдеу дағдыларына үйретіңіз және неліктен асығыс сатып алмау керектігін айтыңыз. Уақыт өте келе балаңызға сатып алуларды өз бетінше, соның ішінде онлайн режимінде үйретіңіз, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін – цифрлық гигиенаны сақтауға көңіл бөліңіз. Ұлыңызды немесе қызыңызды отбасының бюджетін үнемді жұмсағаны үшін жиі мақтап отырыңыз.

Егер балаңыз балалық шағында ақшаның қалай табылатынын білсе,  олармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасауды, кем дегенде өз деңгейінде асығыс шығындардан аулақ болуды үйренсе, онда есейген кезінде оған өмірге бейімделу оңайырақ болады. Қаржылық сауаттылық отбасыдан басталады!

Естеріңізге сала кетейік, балаларға арналған қосымшалар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «OYLA» ғылыми-танымдық журналында мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.

Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Қарызды мерзімінен бұрын өтеу: нелерді білу маңызды

Айдана сыйлықақы алып, кредит бойынша төлемді бірден үш айға төлеп тастады. «Енді аз төлеуге де болады», —  деп ойлады ол. Алайда,  бір аптадан кейін ол қосымшадан ай сайынғы төлемнің өзгермегенін көріп: «Бұл қалай?»,-деген ойда қалды. Банк оның аударымын ішінара өтеу ретінде ескеріп, кестені өзгертпеген,  яғни бұл жерде нақты нені —   мерзімін немесе төлемді өзгерту керектігін таңдау керек болған. Бұл жиі кездесетін жағдай.  Мерзімінен бұрын төлеу — бұл пайдалы құрал, бірақ оның көптеген нюанстары бар. Оларды Fingramota.kz-тің көмегімен қарастырып көрелік. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz