Жоспарланбаған шопинг: онлайн сатып алу кезінде ақшаңызды жоғалтпау үшін не істеу керек

Жоспарланбаған шопинг: онлайн сатып алу кезінде ақшаңызды жоғалтпау үшін не істеу керек

Онлайн алаяқтар сатып алушыларды қалай алдайды? 

Тұзақ №1. Танымал сайттардың жалған көшірмелері 

Алаяқтар белгілі сайттардың жалған нұсқаларын жасайды және оларды нақты интернет-дүкендерден ажырату кейде қиын, бірақ бұл мүмкін, өйткені олар сайт атауындағы әріптерді ауыстыра алады немесе баннерді сәл өзгерте алады. Мұндай интернет-ресурстарда сатып алушылардан толық банк деректемелері көрсетілген элементтерді қамтитын пішіндерді толтыру ұсынылады. Бұл ақпаратты алғаннан кейін алаяқтар ақшаны алып, кредит алуға және басқа да заңсыз әрекеттерді жасай алады.

Тұзақ №2. Алаяқтық сатылымдар 

Алаяқтар азаматтарға үлкен жеңілдіктермен акцияларға қатысуды ұсынады. Жеңілдік тек бірнеше сағатқа ғана созылады деп мәлімдеп, тіркелуді талап етеді. Тиімді шарттарға қызыққан сатып алушылар алдын ала төлем жасайды, содан кейін алаяқтар байланыссыз қалады.

Тұзақ №3. Есептік жазбаларды ұрлау 

Алаяқтар сатып алушылардың интернет-дүкендердегі тіркелгілеріне, банк карталары тіркелген есептік жазбаларына қол жеткізеді. Олар карта иесі байқамай тұрып, сатып алуды жүзеге асырады. Себебі, барлық әрекеттер жеке есептік жазба арқылы жасалды.

Тұзақ №4. Тауарлар туралы жалған хабарландырулар 

Алаяқтар өздерін сатушы ретінде көрсетіп, түрлі тауарлар туралы жарнамаларды орналастырады. Сатып алушы тауарды сатып алғысы келгенде, олар тауарды тек пошта арқылы жіберетінін айтады. Жаңа жеткізу қызметін ұсыну арқылы алаяқтар төлем жасау үшін сілтеме жібереді. Сатып алушы сол жерде картасының мәліметтерін енгізсе, картасынан барлық ақша шешілген соң, "сатушы" із-түзсіз жоғалады.
Толығырақ "Төлемдер мен аударымдар" бөлімінен оқыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Картаны бұғаттау: егер шотыңыз бұғатталған болса не істеу қажет

Банктік картаны бұғатталуы – бұл, өкінішке орай, жиі кезедесін және жағымсыз жағдай. Ол жөнінде сіз кез-келген уақытта: мәселен, төлем жасамақ болған кезде шотыңыздың бұғатталғаны жөнінде  білуіңіз мүмкін.  Неліктен бұлай және не істеуге болатыны, болашақта өзіңізді қалай қорғауға керектігі жөнінде  Fingramota.kz-пен бірге қарастыралық.  

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz