Қаулымен міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын 2025 жылға арналған таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторының мөлшері бекітілді.
Мәні 60-80% диапазонында болуы тиіс таргеттелетін шығындылық міндетті автосақтандыру бойынша шығындылықтың нысаналы көрсеткішін сипаттайды. 2025 жылға таргеттелетін шығындылық мөлшері өткен жылы анықталған деңгейде сақталды және 65% мөлшерінде белгіленді.
Өз кезегінде, анықтық факторы – бұл сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын коэффициент.
Түзету коэффициенттерін есептеу жүргізілетін сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордағы деректер сапасының жақсаруына байланысты анықтық факторы өткен жылмен салыстырғанда ұлғайтылды және 70% деңгейінде бекітілді.
Бұл көрсеткіштер бұдан әрі міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралының тіркелген аумағы бойынша түзету коэффициенттерін айқындау үшін қолданылатын болады.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089,