Ақпараттық хабар

2017 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% болды, жылдық көрсетуде 7,7%-ға (ақпанда 7,8%-ға) дейін баяулады. Жылдық инфляцияның төмендеуіне азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша бағаның өсу қарқындарының баяулауы ықпал етті, олар басым түрде теңгенің айырбастау бағамының нығаюы әсерімен қалыптасты. Жылдық инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік тауарларына бағалардың өсуі қосады, бұл ретте олардың айлық өзгеруі айтарлықтай баяулады, бұл болашақ инфляцияға оң әсер етеді. Ақылы қызметтерге бағаның өсу қарқындары қалыпты болып қалуда және жыл басынан бастап өткен жылдардың осындай кезеңдерімен орташа салыстырғанда барынша төмен деңгейде қалыптасты.

Наурызда айлық, сол сияқты жылдық көрсетуде (тиісінше 0,56%-дан 0,36%-ға дейін, 8,02%-дан 7,68%-ға дейін) базалық инфляция көрсеткішінің[1] төмендеуі байқалды, бұл инфляциялық процестер баяулауының жалпы үрдісін растайды.

Наурызда инфляциялық күтулерді бағалау бойынша халыққа жүргізілген пікіртерім қабылданатын жылдық инфляция және өткен айдағы инфляция деңгейінің, сондай-ақ жалпы жағдайды түбегейлі өзгертпейтінін ағымдағы жылғы жекелеген айларда кейбір ауытқулармен болғанымен, тұрақты деңгейде екендігін көрсетіп отыр. Пікіртерімге қатысушыларды байқаулардың нәтижелері бойынша азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі инфляцияның негізгі көзі болып қалуда.

Наурызда келесі айдағы бағаның өсуі бойынша күтулер қаңтар-ақпандағы пікіртерімдердің нәтижелерімен салыстырылатын деңгейде. 2017 жылғы сәуірде бағаның өсуін респонденттердің 54%-ы күтуде, бұл 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  20 п.т. төмен.

Халықтың келесі 12 айда бағаның өсуіне қатысты күтулері ақпанмен салыстырғанда аздап көтеріліп, ағымдағы жылдың қаңтарындағы деңгейде тұр. Сонымен қатар инфляция деңгейін бір жылдан кейін 10%-дан жоғары деп бағалайтындардың үлесі бақылау басталған сәттен бастап (2016 жылғы қаңтар) ең төменгі деңгейде, ал бағаның өсуіне 10%-дан төмен баға берушілердің үлесі соңғы 9 айдағы ең жоғарғы деңгейде.

2017 жылғы наурызда квантификацияның[2] ықтималдылық әдісімен есептелген инфляциялық күтулер аздап көтерілгеніне қарамастан, айтарлықтай тұрақты болып табылады. Мәселен, пікіртерім нәтижелері бойынша бір жыл алға болжанған инфляцияның сандық бағасы 2017 жылғы ақпанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа ұлғайып, 6,1%-ды құрады және 2018 жылға арналған нысаналы дәліздің 5-7%-дық шегінде тұр.


[1] Жеміс пен көкөніс, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, теміржол көлігі, байланыс, бензин, дизель отыны және көмір бағасын ескермегенде

[2] Толығырақ Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында «Ақша-кредит саясаты» - «Инфляция және инфляциялық күтулер» бөлімін қараңыз

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz