Ақпараттық хабар

Бүгін БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов атап өткендей, зейнетақы активтерін басқару жүйесі реформасының негізгі мақсаты – салымшыға басқарушы компанияны таңдау құқығын беру. 

Ұлттық Банктің өкілі реттеушінің Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде ұсыныстар дайындағанын еске салды. «Зейнетақы реформасындағы маңызды мәселе ретінде салымшыға басқарушы компанияны таңдау құқығы беріледі, – деді ол. – Қазақстанның зейнетақы қызметтері нарығында бәсекелес ортаны қайта жаңғырту және басқарушы компанияларды көп инвестициялық кірістер алуға, комиссиялық сыйақыны төмендетуге және салымшыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға ынталандыру қажет». 

Н. Тұрсынханов БЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесі бойынша барлық қаржы ағындарының бірыңғай басқарушысы болады деп толықтырды. Оның айтуынша Ұлттық Банк зейнетақы активтерін жосықсыз басқаруға қатаң бақылауды жүзеге асырады. «Осы ұсыныстарды іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді»,  – деп түйіндеді ол.

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Интернетте балаларды алдау: онлайн-ойындар арқылы алаяқтық түрлері

Стримдермен онлайн-ойындар балалар мен жасөспірімдер өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Өкінішке орай, оны алаяқтар белсенді қолданады: олар ойын аккаунттарын сату, ойын құрылғысын жалға беру және әлеуметтік желілердегі «сыйлықтар» деген сылтаумен балалардан ақша тартады. Жыл сайын Қазақстанда осындай жағдайлар тіркеледі және залалдың жалпы сомасы миллиондаған теңгені құрайды.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz