Ақпараттық хабар

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық Банкі өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің үшінші отырысы өтті. Осы отырыс барысында заманауи зейнетақы жүйесін дамыту мен жаңғырту, БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару мәселелері, Қоғамдық кеңестің және Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл тетіктері және көптеген басқа да мәселелер талқыланды.

ҚРҰБ Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Елена Никифорова отырысқа қатысушыларға Қазақстан үшін зейнетақы жүйесінің көп құрауышты әртараптандырылған үлгісін сақтау неліктен маңызды екендігін әңгімелеп берді.

«Зейнетақы жүйесі кез келген экономикалық үрдістерге сезімтал және ел экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады. Зейнетақы жүйесін ел экономикасынан бөлек қарастыруға болмайды, себебі ол оның еңбек өнімділігі, жалақының өсуі, күрделі жобалардың ішкі кірістілігі сияқты барлық макроэкономикалық көрсеткіштеріне сезімтал. Демографиялық факторлар елдің зейнетақы жүйесіне, әсіресе ортақ жүйеге айтарлықтай әсер етеді.

Сондықтан да елдердің көпшілігі зейнетақыны түрлі құрауыштардан төлеуді көздейтін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған үлгісін құру жолымен өтуде», – деп атап өтті ол. Е. Никифорова Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалау кезінде пайдаланылған Швеция, Германия, Норвегия, Дания және басқа елдердің тәжірибесін мысалға келтірді. Оның айтуынша, әртараптандырылған үлгі бір құрауыштың кемшілігін басқа құрауыштың артықшылығы есебінен реттеуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан үшін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған үлгісін сақтап қалу маңызды, – деп санайды ҚР Ұлттық Банкінің өкілі. – Зейнетақы жүйесінде ортақ құрауыштың ғана болуы үнемі зейнетақы жасын не салықты (бюджетке түсетін түсімдерді) ұлғайтуды, не екеуін де ұлғайтуды талап ететін болады. Көп құрауышты зейнетақы жүйесі бұған балама бола алады, онда зейнетақымен қамсыздандыруға жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі өзара бөліседі». Осылайша, Е. Никифорованың пікірінше,  зейнетақы төлемдерінің көздерін әртараптандыру қағидаты Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қаржылық тұрғыдан орнықты болып қалуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Интернетте балаларды алдау: онлайн-ойындар арқылы алаяқтық түрлері

Стримдермен онлайн-ойындар балалар мен жасөспірімдер өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Өкінішке орай, оны алаяқтар белсенді қолданады: олар ойын аккаунттарын сату, ойын құрылғысын жалға беру және әлеуметтік желілердегі «сыйлықтар» деген сылтаумен балалардан ақша тартады. Жыл сайын Қазақстанда осындай жағдайлар тіркеледі және залалдың жалпы сомасы миллиондаған теңгені құрайды.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz