Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Бүгін Алматы қаласында ҚР Ұлттық Банкі өкілдерінің қаржы сарапшыларымен кезекті кездесуі өтті, оның барысында реттеушінің ақша-кредит саясатымен, ақша және валюта нарықтарында ахуалмен және т.б. байланысты мәселелер талқыланды.

ҚРҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин кездесуге қатысушыларға ҚРҰБ-ның базалық мөлшерлеме бойынша шешімін түсіндірді, ол пайыздық мөлшерлемелердің +/-1% симметриялық дәлізімен бұрынғы 11%-дық деңгейде сақталды. Оның айтуынша, «шешімді қабылдау кезіндегі басты бағдар – инфляция, оның деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша наурызда 7,7%-ға дейін төмендеді және ол Ұлттық Банктің нысаналы дәлізі мен болжамдарының шегінде сақталуда».             В. Тутушкин халықтың инфляциялық және девальвациялық күтулерінің жақсарғанын атап өтті, ол ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда жүргізілген пікіртерімдер нәтижелерінен байқалып отыр. «Бағаның өсуіне қатысты келесі 12 айдағы күтулер ақпанмен салыстырғанда аздап көтерілді, ағымдағы жылғы қаңтардың деңгейінде тұр. Осылайша, халықтың инфляциялық күтулері тұрақтанды, – деді ол. – Алдағы бір жылға инфляциялық күтулерді сандық бағалау наурызда 6,1%-ды құрады. Нәтижесінде біз халық күтулерінің инфляцияның нақты мәнінен төмен деңгейде қалыптасатынын көреміз. Девальвациялық күтулер бойынша одан әрі жақсаруды атап өту керек. Теңгенің нығайғанын күтушілердің үлесі пікіртерім жүргізу басталғанан бері ең жоғары мәнге жетті және 22%-ды құрады».

Сарапшылардың сұрақтарына жауап бере отырып, В. Тутушкин экономиканың нақты секторындағы ахуал туралы айтты. «Байқалып отырған экономиканың қалпына келу белгілері  іскерлік белсенділіктің жандануын білдіреді. Базалық көрсеткіштер дамуының қысқамерзімді экономикалық индикаторы 2013 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы ақпанда ең жоғары мәніне – 103,7%-ға жетті. Осылайша, индикаторлардың көпшілігі оңтайлы жағдайда тұр», – деп тұжырымдады В. Тутушкин.

Сондай-ақ,  Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаментінің  директоры келесі 1,5 жыл ішіндегі инфляция бойынша болжамдарды атап өтті, оның айтуы бойынша «2017 жылы 6-8% және 2018 жылы 5-7% нысаналы дәліздің ішінде болады». «Егер келесі айларда инфляцияның нақты деңгейі болжамдық деректерге сәйкес келсе, ақша-кредит талаптарын ағымдағы тоқсанда жеңілдетуге болады», – деп толықтырды В. Тутушкин.

Өз кезегінде, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова  еліміздің валюта және қаржы нарығындағы ахуалға түсініктеме  берді.    «Валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр. Теңге  нығаюын  жалғастыруда. Сондай-ақ, ақша нарығындағы  жағдайдың да аса  өзгере  қоймағандығын  атап  өткен  жөн. ҚР  Ұлттық Банкі қысқамерзімді теңгемен өтімділікті алуын жалғастыруда.  Бұл, негізінен ҚРҰБ  ноттарын шығару  арқылы  жүзеге асырылады» -  деді  ол, сол сияқты  7 сәуірде  сұранысы ұсынысынан  1,4 есе  асқан  бір жылдық  ноттарды  орналастыру  бойынша осы  жылғы төртінші аукционның өткізілгендігін хабарлады.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері сарапшылардың қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы бірқатар сұрақтарына жауап берді, болашақта базалық мөлшерлеменің өзгеруіне ықпал ететін факторларды талқылады. «Инфляция болжамдық және нысаналы траекторияға сәйкес келеді. Жылдың басынан бастап байқалған іскерлік белсенділіктің өсуі, ішкі қаржы нарықтарындағы тұрақты ахуал базалық мөлшерлемені қайта қарау кезінде оның төмендеу ықтималдылығын арттырады», – деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілдері.

Қазақстан Ұлттық Банкінің сарапшылармен кездесуді қаржы реттеушісінің нарықпен және жұртшылықпен белсенді коммуникациялар саясатының шеңберінде тұрақты негізде өткізіп отырғандығын еске саламыз. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2017 жылғы 5 маусымда Астана уақыты бойынша 17.00-де жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Интернетте балаларды алдау: онлайн-ойындар арқылы алаяқтық түрлері

Стримдермен онлайн-ойындар балалар мен жасөспірімдер өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Өкінішке орай, оны алаяқтар белсенді қолданады: олар ойын аккаунттарын сату, ойын құрылғысын жалға беру және әлеуметтік желілердегі «сыйлықтар» деген сылтаумен балалардан ақша тартады. Жыл сайын Қазақстанда осындай жағдайлар тіркеледі және залалдың жалпы сомасы миллиондаған теңгені құрайды.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz