Публикации, отчеты, интервью

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдаған кезде қаржы нарығындағы ахуалмен қатар нақты экономикада қалыптасқан жағдайға баса назар аударады. Экономиканы қалпына келтірудің байқалған белгілері елдегі іскерлік белсенділіктің жандануы туралы анық белгі беріп тұр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банктің Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған Алматы қаласында өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуы бойынша, «экономиканың базалық салаларының дамуын көрсететін қысқамерзімді экономикалық индикатор өсу аймағында тұр және 2017 жылғы ақпанда 2013 жылғы  желтоқсаннан бастап 103,7% ең жоғары мәнге жетті».

«Экономиканың даму перспективаларына қатысты халық арасында жүргізілген пікіртерім оң көңіл-күйдің бар екенін растайды, бұл  іскерлік белсенділік үшін қолдау факторы болады. Тұтынушылық сұраныс одан әрі жоғары өсуі мүмкін біртіндеп жаңаруы орын алуда», – деп атап өтті Д. Ақышев.

ҚРҰБ Төрағасы 2017 және 2018  жылдары ішкі нысаналы дәлізде болатын инфляция бойынша реттеушінің болжамын айтты. «Инфляцияның нақты деңгейінің болжамды деректерге одан әрі сәйкес келгенде ақша-кредит талаптарының жеңілдеуін  ағымдағы жылғы 2-тоқсанда күтуге болады», – деді Д. Ақышев.

Ол сондай-ақ,  Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 5 маусымда Астана уақыты бойынша 17:00-де жарияланатынын хабарлады.  

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz