Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Халықтың шетел валютасын сатып алу көлемі біртіндеп төмендеуде, ақпанда нетто-сатып алу көлемі 193,4 млн. АҚШ доллары болды, ол 2016 жылғы шілдеден бастап ең аз көрсеткішті көрсеткен. Ол туралы ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде айтты.

Д. Ақышев валюталық басымдықтардың ауысуы депозит нарығында да, бірақ баяу қарқынмен байқалғанын айтты. «2017 жылғы наурыздың алдын ала қорытындысы бойынша шетел валютасындағы депозиттердің және теңгедегі депозиттердің үлесі тең деңгейге жетті», – деді ол.

Брифинг барысында Ұлттық Банк басшысы ақша нарығында артық өтімділіктің сақталып отырғанын хабарлады. «Инфляциялық қысымды ұстап тұру үшін Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды шығарады. 7 сәуірде бір жылдық ноттарды орналастыру бойынша осы жылғы төртінші аукцион өткізілді, оларға сұраныс ұсыныстан асады – деп атап өтті. – Жалпы алғанда, наурыздың соңында Ұлттық Банктің өтімділікті таза алуы 2338,65 млрд. теңге болды. ҚРҰБ-тың ашық ұстанымдарының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 12,42 млрд. теңге, кері РЕПО операциялары бойынша – 324, 70 млрд. теңге болды, Ұлттық Банктегі банк депозиттерінің көлемі – 449,2 млрд. теңге болды. Айналыстағы қысқамерзімді ноттар 3198,06 млрд. теңгеге жетті. Ақша нарығының мөлшерлемелері мөлшерлемелердің белгіленген дәлізі ішінде болды».

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz