Қазақстанда халықтың девальвациялық күтулері бойынша ахуалдың жақсарғаны байқалады. Теңгенің нығаюын күтетін респонденттердің үлесі пікіртерім жүргізілгеннен бастап ең жоғары деңгейге жетіп, 22%-ды құрады. Бұл жөнінде бүгін телевизиялық БАҚ-қа үшін арналған дәстүрлі брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
«Нарыққа қатысушылар теңге бағамының тұрақтылығын күтетінін жеткізілмейтін валюталық форвардтар бойынша мөлшерлемелер білдіреді», – деді Д. Ақышев. «Соңғы жылдары девальвациялық күтулер барынша төмен деңгейде тұрғанын атап өткен жөн, – деді ҚРҰБ басшысы. – Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Жыл басынан бері теңгенің биржалық бағамы 6%-ғанығайып, бір АҚШ доллары үшін 313,21 теңге болды. Ұлттық Банк бағамды белгілеуге араласпау саясатын жалғастыруда және 6 айдан астам өктемділік жүргізбеді».
Д. Ақышев Ұлттық Банктің АВР және Ұлттық қордың валюталық активтері бойынша да статистиканы келтірді. Мәселен, наурыздың соңында Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері, алдын ала деректер бойынша, жыл басынан бері 473 млн. АҚШ долларына ұлғайып, 30 млрд. АҚШ доллары болды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы валюталық активтері наурыздың соңында 62,6 млрд. АҚШ доллары, жалпы халықаралық резервтері 92,6 млрд. АҚШ доллары немесе ІЖӨ-ден 69% болды.