Ақпараттық хабар

Ұлттық Банк экономиканың ұзақмерзімді орнықты өсуін қамтамасыз ету мақсатында ақша-кредит саясатына сәйкес шаралар қабылдауды жалғастырады және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев баспасөз конференциясы барысында журналистермен осындай жоспарларымен бөлісті.

«Банк секторының жиынтық активтері 2017 жылғы 1 ақпанда 25,2 трлн. теңгені немесе ІЖӨ-нің 55,2%-ын, несие портфелі – 15,3 трлн. теңгені немесе ІЖӨ-нің 33,5%-ын құрады», – деп хабарлады Д. Ақышев.

Сондай-ақ ҚР ҰБ басшысы салымшылардың зейнетақы жинақтарына байланысты деректерді де атап өтті. Мәселен, «зейнетақы жинақтары 1 ақпандағы жағдай бойынша 2017 жылдың басынан бастап 28,5 млрд. теңгеге (0,4%) ұлғайып, 6,7 трлн. теңгені немесе ІЖӨ-нің 14,7%-ын құрады».

Д. Ақышевтың айтуынша, сақтандыру секторында оң серпін байқалады. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 1 ақпанға жыл басынан 2%-ға өсумен 873,9 млрд. теңгені құрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан 474,2 млрд. теңгеге дейін 4,4%-ға өсті», – деп қорытындылады Қаржы реттеушісінің басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

e-Salyq Azamat-тағы қауіпсіздік: алаяқтықтың жаңа схемалары жөнінде нелерді білу қажет

Ағымдағы жылдың басынан алаяқтар өз схемаларында eSalyk Azamat сервисін белсенді қолдана бастады, өз айлаларын асыру үшін олар аталған сервистің атын бүркемеленіп азаматтардың жеке деректерін, растау кодтарын және мемлекеттік сервистерге қол жеткізуге тырысуда.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz