Ақпараттық хабар

«Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі жылдың басынан бері  2,6%-ға төмендеп, қаңтардың аяғында 12,5 трлн. теңгені құрады, бұл іскерлік белсенділіктің маусымдық төмендеуіне байланысты». Осындай деректерді баспасөз конференциясы барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ұсынды.

«Олардың құрылымында ұлттық валютада берілген кредиттердің үлесі жылдың басынан бері валюталық кредиттердің айтарлықтай қысқаруы аясында бір айда 67,4%-дан 68,0%-ға  дейін ұлғайды. Сондай-ақ қысқамерзімді қарыздар портфелінің айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде ұзақмерзімді кредиттердің үлесі 81,9%-дан 83,5%-ға дейін өсті», - деді Д. Ақышев.

Ол кредиттеудің одан әрі кеңеюіне базалық мөлшерлеменің жақында орын алған төмендеуі және ақша нарығындағы ресурстар құнының тиісті тұрақтануы ықпал ететіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

e-Salyq Azamat-тағы қауіпсіздік: алаяқтықтың жаңа схемалары жөнінде нелерді білу қажет

Ағымдағы жылдың басынан алаяқтар өз схемаларында eSalyk Azamat сервисін белсенді қолдана бастады, өз айлаларын асыру үшін олар аталған сервистің атын бүркемеленіп азаматтардың жеке деректерін, растау кодтарын және мемлекеттік сервистерге қол жеткізуге тырысуда.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz