Долларсыздандыру жалғасуда. Бұл жөнінде дәстүрлі баспасөз конференцияның барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
«Валюталық салымдардың үлесі жоғары болып қалуына қарамастан, депозиттердің құрылымы жақсаруы байқалады», - деп хабарлады Д. Ақышев. Айтылған деректерге сәйкес ағымдағы жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша шетел валютасындағы депозиттер 7%-ға төмендеді, теңгедегі депозиттер іс жүзінде өзгерген жоқ – аздап 0,2%-ға төмендеді. Тиісінше, шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 2016 жылғы желтоқсанда 54,6%-дан 53%-ға дейін төмендеді.