Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қалпына келтіру жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев елдің қаржы нарығындағы жағдай туралы дәстүрлі баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
«Қаржы министрлігі жылдың алғашқы екі айы ішінде 171,4 млрд. теңге жалпы сомаға мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Осы шығарылымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің нарықтық құрылымы нарыққа қатысушылардың күтулеріне барабар қалыптасуда және 9-10,2% шекте тұр», – деп атап өтіп, - Қаржы министрлігі 2015 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы 6 наурызда бірінші рет 2,5 млрд. теңге көлемінде 9,0% кірістілікпен 10 жылдық МБҚ орналастырғанын еске салды Д. Ақышев.