Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері ақпанның соңында алдын ала деректер бойынша бір айда 2%-ға немесе $558 млн.-ға ұлғайып, $30 млрд.-ға жетті. Бұл туралы журналистерге баспасөз конференциясы кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы Ұлттық қор активтерін – $63 млрд.-ы қоса алғанда, $93 млрд.-ға немесе шамамен ІЖӨ-нің 70%-ына жетті, деп хабарлады Д.Ақышев.