Базалық мөлшерлемені төмендеткен соң ақша нарығы мөлшерлемелерін тиісті түзету болды. Бұл жайлы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев журналистерге баспасөз конференциясы кезінде хабарлады.
«Күтіп отырғандай, бір күндік РЕПО операциялары бойынша мөлшерлеме деңгейі шамамен 1%-ға төмендеді, базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегінде орналасқан. Ағымдағы жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша осы мөлшерлеме 10,12%-ды құрады», – деп хабарлады Д. Ақышев, сол сияқты «ақша нарығында артық теңгелік өтімділік сақталып отыр, осыған байланысты Ұлттық Банк оны алуды, ең бастысы, қысқамерзімді ноттарды орналастыру арқылы жалғастырады», – деп қосты.
Д. Ақышев ақпанда айналыстағы ноттар көлемінің 8,6%-ға 2,9 трлн. теңгеге (жылдың басынан – 14,6%-ға өсу) дейін ұлғайғанын нақтылады. «Ноттардың кірістілігі базалық мөлшерлемеден кейін төмендейді. 10 наурызда 1 жыл айналыс мерзімімен кірістілігі 9,6% ноттарды орналастыру бойынша аукцион биыл үшінші рет өткізілді», – деді атап өтті ол.
Оған қоса, ҚР ҰБ басшысы «Ұлттық Банктің бағалауы бойынша базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету арасындағы ұзақмерзімді тепе-теңдікті көрсетеді», – деп хабарлады.
Д. Ақышев «Инфляцияның 8%-дан төмен деңгейде тұрақтануы Ұлттық Банкке 21 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. сақтай отырып 12%-дан 11%-ға төмендетуге мүмкіндік берді», – деп еске салды.