Ұлттық Банктің макроэкономикалық өлшемдерді болжау жөніндегі экономикалық моделі инфляция бойынша болжамдардың 2018 жылғы 1-жартыжылдықтағы нысаналы болжамдарға да сәйкес келу ықтималдылығының жоғары екендігін көрсетіп отыр. Бұл туралы журналистерге дәстүрлі баспасөз конференциясында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Ұлттық Банк басшысының пікірінше, «2017 жылғы ақпанда айлық инфляция 1%-ды құрады, бұл жылдық көрсеткіш бойынша 7,8%-ға сәйкес келеді». «Осылайша, жылдық инфляция 6-8%-дық нысаналы дәліз аралығында орнықты және, күйзелістер болмаған жағдайда, ол бүкіл 2017 жыл бойы сол шекте қала береді», – деп атап өтті Д. Ақышев.
«Инфляцияны нысаналы дәліз ішінде одан әрі сақтау мүмкіндігін инфляциялық күтулерді бағалау бойынша тексеру нәтижелері растайды. Халыққа ақпанда жүргізілген соңғы пікіртерімнің нәтижелері халық қабылдайтын жылдық және айлық инфляция деңгейінің төмендегенін көрсетіп отыр. Ақпанда бір жыл бұрын инфляциялық күтулерді сандық бағалау 5,9%-ды құрады, яғни, нақты инфляциядан төмен деңгейде қалыптасты», – деп нақтылады ол.