Қазақстандық 100 отбасы «Отбасылық қаржы» курсынан тегін өте алады

Қазақстандық 100 отбасы «Отбасылық қаржы» курсынан тегін өте алады

Бүгін және ертең онлайн-режимде «Отбасылық қаржы» деп аталатын тегін курс өтеді. Курсты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен қаржылық сауаттылықты дамыту саласында жұмыс істейтін  «GBQ Asia» өткізеді. Оған тіркеуден өтіп, қатысуға растау алған 100 қазақстандық отбасы қатыса алады. Курсқа қатысу үшін FinLIFE.kz ресурсында тіркеуден өту қажет.

«Отбасылық қаржы» деп аталатын бірегей авторлық курс – халықаралық стандарттар бойынша жетекші қаржыгер-практиктер жасаған бағдарлама. Курсқа қатысушылар қазіргі әлемде отбасылық капитал құру жөніндегі философия мен құралдар, көңіл-күйге беріліп жұмсалатын шығынды басқару техникалары туралы, үнемшілдік құралдарын, сондай-ақ ғасырларға қамсыз өмір сүруді жоспарлау жөніндегі құралдарды игеру жайында біле алады.     

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл курс әрбір ортасында капиталды басқару, сақтау және көбейту дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Дмитрий Акмаевтың айтуынша, мұндай білім беру іс-шаралары қаржылық сауаттылықты арттырудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Ол Агенттіктің Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жөнінде нысаналы жұмыс жүргізіп жатқанын айтып берді.  

«Жақын жылдары біз түрлі нысаналы аудитория үшін пайдалы білім беру бастамаларын жоспарлап отырмыз. Барлық ақпарат, оның ішінде оқыту материалдары қаржылық сауаттылық жөніндегі бірыңғай медиапортал -  www.fingramota.kz-те жарияланады, - дейді Агенттіктің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бас маманы. – Азаматтарды өзіміздің жұмысымыз туралы хабардар ету мақсатында біз барлық қолжетімді коммуникациялық арналарды, оның ішінде әлеуметтік желілер мен «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын пайдаланамыз.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz