Бүгін Ұлттық валюта – Теңге күні және Қазақстанның қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Fingramota.kz «Қаржы туралы қысқаша: қаржылық сауаттылықты бірге арттырамыз» тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған вебинар өткізеді. Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 14:00-ден 17:00-ге дейін.
Вебинарға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚРҰБ, БЖЗҚ, ҚДКБҚ, KASE өкілдері қатысады.
Біз:
* қаржылық сауаттылық негіздері туралы;
* кеңінен таралған алаяқтық схемалар және киберқауіпсіздік ережелері туралы;
* төлем карточкалары және оларды пайдалану кезіндегі лайфхактар туралы;
* Қазақстандағы зейнетақы жүйесі туралы;
* депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы;
* қор биржасының қызметі және инвестициялау құралдары туралы әңгімелейтін боламыз.
Вебинар Webex платформасында өтеді. Кездесу нөмері: 176 604 2390. Пароль: 2020.