ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені төлеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені төлеу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады

42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімдерді 75 мыңға дейін азамат бере алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық «42 500 теңге» төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

-  telegram-bot-тар;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге және алуға байланысты мәселелердің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатады.

42 500 теңгені төлеу бойынша консультацияны 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық детокс: шығыcтарды қалай ретке келтіруге болады?

Бюджет те ағза секілді «тазаруды» қажет етеді. Осы орайда көмекке қаржылық детокс келеді — яғни шығыстарды қайта бағалау және шығыс пен кірісті ретке келтіру. Fingramota.kz сайтындағы жаңа материалымызда қаржылық жүктемені жеңілдетуді неден бастау керектігін және оны қалайша барынша тиімді жасауға болатынын айтамыз.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz