Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

2017 жылғы 24 ақпанда Ұлттық Банк Басқармасының ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін және базалық мөлшерлемені конвергенциялау (яғни теңестіру) тетігі туралы қаулысы қабылданды. Мөлшерлемелерді конвергенциялау бойынша шешім 2016 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының 2017 жылға арналған негізгі бағыттары шеңберінде жарияланды. 

2017 жылғы 1 сәуірден бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәні базалық мөлшерлеменің мәніне теңестіріледі. Бұдан әрі базалық мөлшерлемені өзгерту ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін автоматты түрде және синхронды өзгертуге әкеліп соғады.

Мөлшерлемелерді конвергенциялау туралы шешім экономиканың түрлі сегменттерінде ақшаның құнын теңестіру мақсатында қабылданды. Қазіргі уақытта ақша нарығындағы ақша құны базалық мөлшерлемемен (қазіргі сәтте – 11%) айқындалады. Бұл ретте ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің  зиянды өтеу, жіберіп алған пайданы есептеу үшін  өсімпұл, айыппұл есептеген кездегі азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда пайдаланылатын, 5,5% мөлшеріндегі ағымдағы деңгейі ақшаның нақты құнын көрсетпейді.

Бұл ретте, нарықтағы аталған теңгерімсіздікті жою үшін неғұрлым оңтайлы тәсіл таңдалғанын атап өту қажет – мөлшерлемелер арасындағы айырма ең аз болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz