Депозит нарығында валюталық салымдар үлесінің төмендеуі жалғасуда. Бұл туралы бүгін ақпараттық агенттіктерге арналған брифингте сөйлеген сөзінде ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Ол 2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша шетел валютасымен депозиттердің үлесі 53%-ға жеткенін айтты. Жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасымен депозиттердің үлесі 60,2%-ға дейін, заңды тұлғалардыкі 47,3%-ға дейін төмендеді. Жалпы алғанда депозиттер көлемі 17,5 трлн. теңге болды.
«Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 2017 жылғы қаңтардың соңында 12,5 трлн. теңге болды, бұл ретте қаңтарда банктердің белсенділігінің маусымдық төмендеуі байқалды. Егер жаңа кредиттерді беру желтоқсанмен салыстырғанда қысқарса, өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда (яғни маусымдықты есептемегенде) 25,3% теңгемен кредиттер есебінен 15,6%-ға өсті. Бұл ретте, шағын кәсіпкерлікке берілген теңгемен жаңа кредиттердің көлемі 2 есе ұлғайды, (25 млрд теңгеден 50 млрд. теңгеге дейін)», - деп қорытындылады Д. Ақышев.