Ақпараттық хабар

Алдын ала деректер бойынша алтынвалюта резервтері бір айда 1,1%-ға өсіп, ақпанның соңында 29,9 млрд. АҚШ доллары болды. Бұл жөнінде бүгін ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында БАҚ-қа арналған брифингте сөз сөйлегенде хабарлады.

«Ұлттық қордың активтерін (63,1 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 93 млрд. АҚШ долларына жетті», - деп қаржы реттеушісінің деректерін келтірді.

Д. Ақышев атап өткендей, алтынвалюта резервтерін сақтауға Ұлттық Банктің бағамды белгілеуге араласпау саясаты мүмкіндік береді. «Ұлттық Банк жарты жыл ішінде валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ, яғни теңге бағамы нарық талаптарымен айқындалады», - деп атап өтті Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz