Ақпараттық хабар

Теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы режимі айырбастау бағамының бір сәтте және айтарлықтай  өзгеруі, яғни девальвацияның болуы ықтималына және мүмкіндігіне толық жол бермейді. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ақпараттық агенттіктер үшін брифингте сөз сөйлеген кезде ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, «теңге бағамы күн сайын көптеген факторларға байланысты өзгеріп отырады және, тиісінше, шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдікті сақтайды». Д. Ақышев атап өткендей, болашақта теңгерімсіздіктің жинақталуы және теңгенің айырбастау бағамын күрт түзету қажеттілігі болмайды. 

«Біздің бір жылдан астам уақыт бойы еркін өзгермелі режимі жағдайында тұрып жатқанымызды түсіну маңызды. Ұлттық Банк айырбастау бағамына және оның серпініне қандай іргелі факторлар және қалай ықпал ететінін түсінеді. Алайда, жекелеген кезеңдерде бағамның қалыптасуына басқа да факторлар әсер етеді»,  – деді Д. Ақышев.   

Қолма-қол шетел валютасы нарығында халықтың шетел валютасын сатып алуы көлемдерінің біртіндеп төмендеу үрдісі байқалады, - деп толықтырды ол. «Қаңтардың қорытындысы бойынша халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуы алдыңғы аймен салыстырғанда  44%-ға, ал 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5%-ға төмендеп, 202 млн. АҚШ долларын құрады», –  деп хабарлады Ұлттық Банк басшысы брифинг қатысушыларына.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz