Ақпараттық хабар

Ақпанда валюта нарығында теңге позицияларының нығаюы байқалды. Бір ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 3,5%-ға, ал жылдың басынан бері 6,2%-ға нығайды. Ақпанның соңында қалыптасқан бір АҚШ доллары үшін 312,76 теңге болған бағам 2015 жылғы желтоқсанның екінші жартысынан бастап ең жоғары мән болып табылады. Бұл туралы бүгін ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев ақпанның алдын ала қорытындыларына және валюта нарығындағы жағдайға арналған, БАҚ үшін брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.

 «Іргелі факторлардың серпіні және бірінші кезекте мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің нығаюы пайдасына куәландырады. Олардың деңгейі бір баррель үшін 55 АҚШ долларынан жоғары тұрақтандырылды, оған, белгілі болғандай, ОПЕК елдерінің және басқа мұнай өндіруші елдердің жасалған уағдаластықтары нәтижесінде мұнай өндіруді шектеу ықпал етті», - деді Д. Ақышев. Ол Ұлттық Банктің деректерін келтірді, оларға сәйкес Ресей рублі осы аяда ақпанда бір АҚШ доллары үшін 60,2 рубльден 57,9 рубльге дейін 3,7%-ға нығайды.

Ұлттық Банк басшысы  сондай-ақ ақпанның екінші жартысынан бастап валюта нарығындағы шетел валютасы сұранысы мен ұсынысының арақатынасына ненің әсер еткенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл маусымдық фактор – «салықтық апта». «Экспортер кәсіпорындар валюталық түсімнің бөлігін салық төлемдерін төлеу үшін сатты, бұл шетел валютасының ұсынысында көрінді және қалыпты сұраныстың аясында түпкілікті нәтижесінде теңгенің қосымша нығаюына ықпал етті, - деді Д. Ақышев. – Ақпанның соңғы күндерінен көрініп тұрғандай, «салықтық апта» аяқталғаннан кейін теңге бағамы біршама түзетілді. Белгілі бір түзету наурызда да болуы мүмкін, алайда мұнайға әлемдік бағалардың қазіргі деңгейі «мықты» теңгені қолдайды, ал бағамның нығаю не әлсіреу жағына қарай күрт өзгеруі екіталай.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz