Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп «Бағалау көрсеткішін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 701 бұйрығының және Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 317 қаулысының (бұдан әрі – Қағидалар) қабылданғанын хабарлайды.
Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің бағалау көрсеткішін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Ұлттық Банк бағалау көрсеткіші жинақ ақшаның ең төменгі қажет сомасы мен ең төменгі жинақтау мерзiмi 3 (үш) жыл болатын шарттар бойынша ай сайынғы негізде жасалатынын атап өтеді. Бұл көрсеткіш түрлі шарттар бойынша бағалау көрсеткіштерін жай салыстыру арқылы шарттық сомаларды төлеу кезектілігін айқындау үшін қолданылады. Тұрғын үй қарызын алудың артықшылық берілген құқығы бағалау көрсеткішінің мәні айтарлықтай көбірек тұрғын үй құрылыс жинақ ақша салымшысына беріледі. Қағидаларда бағалау көрсеткішін есептеу формуласы да көрсетілген.
Аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 ақпанда № 14756 тіркелгенін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілгенін атап өтеміз.
Қаулының толық мәтінімен Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.