Публикации, отчеты, интервью

Депозиттік нарық бойынша деректер банктік салымдардың долларсыздану процесінің жалғасып жатқанын және салымшылардың ұлттық валютаны артық көру үрдісінің сақталып отырғанын көрсетіп отыр. Бұл жайлы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев  Алматы  қаласында БАҚ-қа арналған  брифингте сөйлеген сөзінде  хабарлады.

 «Алдын ала деректер бойынша шетел валютасындағы депозиттер үлесі 2017 жылғы қаңтардың соңында 53%-ға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.

«Экономиканы қайта қалпына келу белгілері анық көрінуде. Экономиканың базалық салаларының дамуын көрсететін қысқамерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтарда 103,8%-ды құрап, қалыпқа келетін өсу аймағында болып отыр. 2017 жылы нақты ІЖӨ-нің өсуі 2%-дан асатын деңгейде болжанып отыр», - деп жалғастырды  Қазақстан  Ұлттық Банкінің басшысы.

Оның айтуынша, іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуінің және ішкі ақша және валюта нарықтарындағы тұрақтылықтың жағымды белгілерінің болуына қарамастан, экономиканың одан әрі дамуы үшін, бірінші кезекте, инфляциялық процестер үшін әлеуетті тәуекелдері бар сыртқы және ішкі күйзелістердің туындау ықтималдығы сақталуда. «Олардың ішінен әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы баға белгіленімдеріне өте қатты тәуелділікпен, сондай-ақ сауда әріптестері елдерінің экономикаларын қалпына келтіру жылдамдығымен байланысты сыртқы тәуекелдерді де, бюджет шығыстарын ұлғаю жағына қарай қайта қарауды да атап өткен жөн.  – деп нақтылады Д. Ақышев. - Базалық мөлшерлеме бойынша болашақтағы шешімдер ішкі сұраныстың іргелі факторларының бұдан кейінгі серпініне және қаржы секторындағы ахуалдың орнықтылығына байланысты болады.».

Мәлім болғандай, ҚРҰБ базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді 2017 жылғы 10 сәуірде Астана уақыты бойынша 17.00-де жариялайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz