Публикации, отчеты, интервью

ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін БАҚ үшін өткізілген брифинг барысында базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімнің қандай факторлар ескеріле отырып қабылданғанын айтты.

Ол инфляция жөніндегі деректерден бастады: «2017 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,9%-ды құрап баяулады және Ұлттық Банктің болжамдарына толық сәйкес келеді. Жекелеген тауар нарықтарында, ақылы қызметтер нарықтарында бағаның жылдам өсуі инфляцияның жалпы деңгейінің серпініне айтарлықтай әсер етпейді және басқа тұтынушылық тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы қалыпты баға үрдістерімен өтелетін болады».

Д. Ақышев халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты қаңтарда жүргізілген пікіртерімнің нәтижелерін келтірді: «Инфляциялық күтулердің сандық бағасы халықтың күтулерінің нысаналы дәліз ішінде қалыптасады және нақты инфляция мәнінен төмен (қаңтарда – 6,6%) деңгейде белгіленеді. Бұл ретте инфляцияның жоғары болатынын күтетін респонденттердің үлесі өткен жылдың ортасынан бері ең төменгі мәнге азайды.»  Оның айтуынша респонденттердің инфляцияның болашақтағы деңгейіне қатысты күтулерінің байқалып отырған жақсару үрдісі олардың про-инфляциялық әрекеттерінің жұмсарғанын растайды».

«Осылайша, қолайсыз күйзелістер болмаған жағдайда, инфляция орнықты түрде бүкіл 2017 жыл бойы, сондай-ақ 2018 жылдың 1-жартыжылдығында нысаналы бағдар шегінде болады», деп түйіндеді ҚРҰБ басшысы, халықтың да, валюта нарығына кәсіби қатысушылардың да девальвациялық көңіл-күйі азайып отыр,  бұл пікіртерім нәтижелерінен және валюта тәуекелдерін хеджирлеу құнынан көрініп отыр, - деп толықтырды.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz