Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру ұйымдарын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының әзірленгені туралы хабарлайды.

Бұл Жоба уақытша әкімшілік пен тарату комиссиясы тарапынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берудің тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Басқарма қаулысының жобасы бірнеше сақтандыру компанияларына сақтандыру портфелін беру құқығын регламенттеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді, сақтандырушылар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүдделерін ескеру мақсатында сақтандыру портфелін берудің экономикалық тиімділігін бағалау, сондай-ақ екі немесе одан да көп потенциалды сақтандырушы-сатып алушылар болған жағдайда сақтандыру портфелін ішінара беру тәртібін анықтайды.

Жобаның толық мәтінімен ашық құқықтық актілердің ресми интернет-порталда танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz