№15 Баспасөз релизі

 №15 Баспасөз релизі

Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы Директоры Кристин Лагард ағымдағы жылғы 16 мамырда Астана экономикалық форумының және «Инклюзивтік өсуге арналған экономикалық саясат шаралары» тақырыбындағы Өңірлік дөңгелек үстелдің жұмысына қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді.


Дөңгелек үстелдің жұмысына Премьер-министр А. Мамин, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев, Кавказ бен Орталық Азия өңірі елдерінің, Моңғолияның және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары және қаржы министрлері, Қазақстанның астанасында аккредиттелген халықаралық қаржы ұйымдарының және елшіліктердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) бастамасын қолдайтын елдер өкілдерінің қатысуы күтіледі.


Іс-шара барысында ағымдағы экономикалық аухал мәселелерін талқылау, өңір елдерінің орнықты және инклюзивтік экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау жоспарланып отыр.


Дөңгелек үстелдің қатысушылары мынадай мәселелер бойынша пікір алмасады:


• қаржы секторын қалай нығайту керек және қаржы ресурстарының жеткілікті қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің бизнес-модельдерін қалай өзгерту керек;
• жеке сектордың қызметін ынталандыру, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін іскерлік ахуалды қалай жақсарту керек;
• басқару жүйесін қалай жетілдіру және мемлекеттік органдардың әкімшілік тиімділігін қалай арттыру керек.
Іс-шара аяқталғаннан кейін ХВҚ басқарушы директорының Қазақстанның және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Ұлттық Банк қазақстандықтардың шоттары туралы есептер алатын болады

Қаржы жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оны арттыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы ұйымдары үшін жаңа талаптар енгізді.  Оларды түсіну үшін Fingramota.kz-тің көмегіне жүгінелік. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz