№ 14 баспасөз релизі

№ 14 баспасөз релизі

Алдын ала бағалау бойынша төлем балансының ағымдағы шоты 2018 жылғы 1 тоқсандағы 0,9 млрд АҚШ доллары тапшылығыпен салыстырғанда 2019 жылғы 1 тоқсанда профицитпен қалыптасып, 0,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ағымдағы шоттағы ахуалдың оң өзгерісіне сауда балансы профицитінің ұлғаюы себеп болды, ол алдын ала деректер бойынша 14,4%-ға ұлғайып, 7,1 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар экспорты 9,9%-ға ұлғайып 15,0 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар импорты 7,8 млрд АҚШ долларына дейін 6,1%-ға өсті.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 4,8 млрд АҚШ долларына дейін 16,9%-ға қысқарды. Бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан кірісінің жартысынан көбі еншілес қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалды.

Қаржылық шот (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала деректер бойынша 3,2 млрд АҚШ доллары оң сальдосымен қалыптасты, ол көбінесе резиденттердің сыртқы активтері өсуіне байланысты.

Шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) бойынша капиталдың таза әкелінуі
2,4 млрд АҚШ долларын құрады. Капиталдың әкелінуі шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өзінің борыштық міндеттемелерін өтеуімен және бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен қамтамасыз етілді.

Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 4,8 млрд АҚШ долларын құрады, резиденттердің шетелдік активтерінің басым түрде өсуімен және резиденттердің бұрын шығарылған еурооблигацияларды өтеуі нәтижесінде міндеттемелерінің қысқаруымен қамтамасыз етілген. Бейрезиденттердің қайталама нарықта Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуы портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың әкетілуін ішінара жинақтады.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есепке алмағанда) 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 27,0 млрд АҚШ долларынға бағаланды, ол тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,1 айын қаржыландыру қажеттілігін жабады.

Соңғы жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Ұлттық Банк қазақстандықтардың шоттары туралы есептер алатын болады

Қаржы жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оны арттыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы ұйымдары үшін жаңа талаптар енгізді.  Оларды түсіну үшін Fingramota.kz-тің көмегіне жүгінелік. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz