4 мамырдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ға нығайып (380,89-дан), 380,50 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 26 сәуірден 3 мамыр аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар федералдық қорлар бойынша мөлшерлемелер аралығын кез келген бағытта одан әрі қозғалысы туралы белгілерсіз, өзгеріссіз (2,25-2,5%) сақтау туралы АҚШ ФРЖ-нің шешімдері, АҚШ-та сәуір айындағы еңбек нарығы бойынша статистиканың жарыққа шығуы: жұмыссыздық деңгейі 1969 жылдан бері 3,6%-ға дейін ең төменгі көрсеткішті көрсетті, жұмыс орындарының саны 263 мыңға дейін ұлғайды, еңбекақының өсуі 3,2% г/г дейін баяулады, АҚШ-та қызмет көрсету саласында және Қытайда өндірістік салада іскери белсенділік бойынша нашар деректерге қатысты жарияланым, елдер арасындағы келіссөздер барысындағы баяу алға басуларға байланысты Д.Трамптың АҚШ-қа экспортталатын қытайлық тауарларға бажды көтеру ниеті туралы мәлімдемесі болды.
Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Үндістан рупиясы мұнай бағасының төмендеуі, сондай-ақ 250 млрд. рупийге жуық тартуды жоспарлап отырған Bharti Airtel телекоммуникациялық компаниясының жаңа акцияларын шығарумен байланысты капиталдың әкелінуі аясында 1,1%-ға (70,02-ден 69,22-ге дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды наурызда сауда балансы профицитінің $5 млрд дейін ұлғаюы туралы статистиканың жариялануы, қызмет көрсету саласында іскери белсенділік индексінің және еңбекақы төлемдерінің өсу қарқынының баяулауы аясында 0,3%-ға (14,39-дан 14,35-ке дейін) нығайды;
- Мексика песосы 2019 жылғы 1-тоқсанда ІЖӨ-нің 0,2% кв/кв қысқаруы туралы деректердің шығуына қарамастан, 0,1%-ға (18,94-тен 18,92-ге дейін) нығайды;
- Түрік лирасы инвесторлардың монетарлық саясатқа байланысты күдіктерін сейілту үшін Түркияның ОБ басшысының инфляцияға қарсы күресте барлық құралдарды, оның ішінде қатаңдатудың жаңа раундын қолдануға уәде берген түсіндіру брифингіне қарамастан, 0,3%-ға (5,94-тен 5,96-ға дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы наурызда өнеркәсіптік өндірістің қысқаруы туралы деректерді жария ету аясында 0,3%-ға (3,93-тен 3,94-ке дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі мұнай бағасының төмендеуі және РФ-да демалыс күндері себебінен сауда-саттықтың аз көлемдерінің аясында 0,4%-ға (64,8-ден 65,09-ға дейін) әлсіреді;
Индонезия рупиясы қатарынан 4 тоқсан бойы тікелей шетелдік инвестициялар ағынының төмендеуі туралы хабарлардың аясында 0,5%-ға (14 199-дан 14 266-ға дейін) әлсіреді.
[1] шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды
2 АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.