Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысы қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және өзге заңнамалық актілерге сәйкес әзірленіп Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, және де Ұлттық Банк шығарған тазартылған құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша уәкілетті ұйымдардың операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.

Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18545 болып тіркелген.

Қағидалардың қолданысқа енгізілуі – 2019 жылғы 1 шілде.

Қағидалардың толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында, Нормативтік құқықтық база → Қазақстан Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері → Валюталық реттеу және валюталық бақылау бөлімінде танысуға болады. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Цифрлық қауіпсіздік құпиялары: дербес деректерді қорғау

Сіздің дербес деректеріңіз алаяқтар үшін таптырмас құнды ақпарат, сондықтан алаяқтар мен хакерлер қайткен күнде де оны қолға түсіруге тырысады. Ол үшін олар жаңа технологияларды, алдау схемаларын, тіпті әлеуметтік инженерияны игереді.  Сіздің құрылғыларыңыздағы және онлайн-аккаунтарыңыздағы деректерді қалай қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.  

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz