Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысының (бұдан әрі – Қағидалар) қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18539 болып тіркелген.

Қағидалардың қолданысқа енгізілу мерзімі – 2019 жылғы 1 шілде.

Қағидалардың толық мәтінімен Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында Нормативтік құқықтық база → ҚҰБ НҚА → Валюталық реттеу және валюталық бақылау бөлімінде танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Цифрлық қауіпсіздік құпиялары: дербес деректерді қорғау

Сіздің дербес деректеріңіз алаяқтар үшін таптырмас құнды ақпарат, сондықтан алаяқтар мен хакерлер қайткен күнде де оны қолға түсіруге тырысады. Ол үшін олар жаңа технологияларды, алдау схемаларын, тіпті әлеуметтік инженерияны игереді.  Сіздің құрылғыларыңыздағы және онлайн-аккаунтарыңыздағы деректерді қалай қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.  

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz