Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысы қабылданғаны туралы хабарлайды.
Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес әзірленіп резиденттердің және бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелген.
Қағидалардың қолданысқа енгізілуі – 2019 жылғы 1 шілде.
Қағидалардың толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында, Нормативтік құқықтық база → Қазақстан Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері → Валюталық реттеу және валюталық бақылау бөлімінде танысуға болады.