Қазақстан Ұлттық Банкі «Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысы қабылданғаны туралы хабарлайды.
Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) Қазақстан Ұлттық Банкіне ақпаратты ұсынуын талап ететін қызмет түрлерін, сонымен қатар осындай ақпаратты ұсыну тәртібін (нысандар мен мерзімдер) орнатады.
Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 18509 болып тіркелген.
Қағидалардың қолданысқа енгізілуі – 2019 жылғы 1 шілде.
Қағидалардың толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында, «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.