Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2019 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша МҚҰ[1] жиі жол беретін микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.

МҚҰ-ға қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 11 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:

- айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде 2 санкция;

- жазбаша ұйғарым түріндегі 9 шектеулі ықпал ету шарасы.

Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ-да:

- бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуіне және ЖТСМ дұрыс есептелмеуіне;

- Микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының[2] талаптарына сәйкес болмауына;

- құжаттық тексеру шеңберінде уәкілетті органға ақпараттың және құжаттардың ұсынылмауына;

- кредиттік бюроға дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуына;

- қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы ақпараттың уақтылы тапсырылмауына байланысты бұзушылықтарға жол берілгендігін көрсетті.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сол немесе өзге де микроқаржы ұйымдары көрсететін қызметтердің тиімділігі мен сапасын шолу және дербес айқындау үшін  Ұлттық Банк МҚҰ-на қабылданған шаралар туралы ақпаратты өзінің ресми  интернет-ресурсына орналастырады.

Қаржылық сауаттылықты арттыру және МҚҰ-ның қазіргі, сол сияқты әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк төмендегілер туралы хабарлайды.

Микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылатын міндетті талаптарға қатысты.

1. ҚРАК[3] 383-бабының 1-тармағына сәйкес шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.

МҚҰ туралы заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес микрокредит беру туралы шартта:

1) МҚҰ-ың атауы мен қарыз алушы - жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы - заңды тұлғаның атауы;

2) берiлген микрокредит сомасы;

2-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері;

3) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi;

4) микрокредиттi өтеу тәсiлi (қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз тәртіппен, бiржолғы не бөліп-бөліп);

5) микрокредиттi өтеу әдiсi: аннуитеттік немесе сараланған не микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес басқа да әдіс;

5-1) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі;

5-2) негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері;

6) микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары көрсетіле отырып, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі микрокредиттің және сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы шарттың екі тарабы да қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;

7) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол бар болса) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;

8) микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері, оның ішінде жылдық сыйақы мөлшерлемесінің және МҚҰ туралы заңның 5-бабында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құны) мөлшері;

8-1) микрокредит беру туралы шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері;

9) тараптардың жауапкершілігі;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптар қамтылады.

Берешекті коллекторлық агенттікке  сотқа  дейін өндіріп алуға  беру  кезінде  МҚҰ-ның:

біріншіден, берешекті  өндіріп алу  туралы сотқа  талап қойып жүгінуге;

екіншіден,   берешек  коллекторлық агенттікте  жұмыста  болған кезеңде  есептелген сыйақыны  төлеуді талап етуге, сондай-ақ көрсетілген кезеңде  негізгі  борыш  пен  сыйақыны уақтылы  өтемегені  үшін  тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке  жазуға құқығы  жоқ.

МҚҰ туралы заңның 4-бабының 4-1-тармағына сәйкес микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады.

Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеледі.

Микрокредит беру туралы шарттарда МҚҰ туралы заңның 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 5-2), 8) тармақшаларында және 4-тармағының 4-тармағында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап аталған дәйектілікпен көрсетіледі.

2. МҚҰ-ның микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар және өзге төлемдер алуына қатысты

МҚҰ туралы заңның 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес микрокредит беру туралы шартта микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері қамтылады.

Осылайша, МҚҰ жеке тұлғалармен 2016 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша Тізбеде көзделген комиссияларды ғана шарттарда белгілеуге және оларды алуға құқылы.

Осылайша, 2016 жылғы 1 шілдеден кейін жеке тұлғалармен жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша МҚҰ комиссияларды шарттарда белгілеуге және Тізбеде көзделген комиссияларды ғана өндіріп алуға құқылы.

3. Микрокредиттер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшеріне қатысты

МҚҰ туралы заңның 5-бабында микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, бар болса - комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі ЖТСМ болып табылады деп белгіленген.

Бұл ретте, №377 қаулыда[4] ЖТСМ-нің шекті мөлшері бекітілген, ол микрокредит беру туралы шартты жасау, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) микрокредитті берумен және қызмет көрсетумен байланысты  өзгерту  немесе жаңа комиссиялар мен өзге төлемдер енгізу  күні  56 (елу алты) пайыздан аспауға тиіс.

МҚҰ туралы заңда белгіленген шекті мөлшерден асатын сомаға микрокредит беруге қатысты.

МҚҰ туралы заңның 3-бабына сәйкес МҚҰ бір қарыз алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.

2018 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш  «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2 405 теңге мөлшерінде белгіленген.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың назарын Сіздердің құқықтарыңыз бұзылса, онда мынадай мекенжайға:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
  • жазбаша түрде мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ.,  Әйтеке би к-сі, 67;
  • құқықтық көмек алу үшін мына Ұлттық Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесіне мына: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша, анықтама үшін телефон нөмірі 7(727)2619213, 7(727) 2788104, ішкі 2061;
  • Ұлттық Банктің филиалдарына (Ұлттық Банктің сайтында Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша;
  • қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен қарыз алушы жеке тұлға арасында жасалған ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына шағымдануға құқықтарыңыздың бар екендігіне аударамыз.

Банк омбудсманының деректемелері:

А15GП8Е2, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй, 302-офис

Телефондар: +7 (727) 261 22 16, +7 708 983 30 16

е-mail: office@bank-ombudsman.kz

Сайт: www.bank-ombudsman.kz


[1] Микроқаржы ұйымдары

[2] «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

[3] Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

[4] «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» ҚР ҰБ Басқармасының                       2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысы

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Цифрлық қауіпсіздік құпиялары: дербес деректерді қорғау

Сіздің дербес деректеріңіз алаяқтар үшін таптырмас құнды ақпарат, сондықтан алаяқтар мен хакерлер қайткен күнде де оны қолға түсіруге тырысады. Ол үшін олар жаңа технологияларды, алдау схемаларын, тіпті әлеуметтік инженерияны игереді.  Сіздің құрылғыларыңыздағы және онлайн-аккаунтарыңыздағы деректерді қалай қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.  

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz