19 сәуірдегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ға нығайып (379,59-дан), 379,29 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 12 сәуірден 19 сәуір аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар 2019 жылғы 1-ші тоқсандағы Қытайдың ІЖӨ бойынша деректерді жария ету (+6,4% г/г), АҚШ-та бөлшек сауданың өсу қарқынының жылдамдауы (+1,6% м/м), АҚШ-та сауда балансы тапшылығын $49,4 млрд (-3,4% м/м) дейін қысқарту, сондай-ақ сәуірде Еуроаймақта іскери белсенділік индексін төмендеуі туралы деректердің шығуы, Вашингтонда АҚШ пен Жапония арасындағы сауда келіссөздерін өткізу болды.
Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Индонезия рупиясы қазіргі мемлекет басшысы Джоко Видодоның президенттік сайлауда көш бастауы туралы алдын ала деректердің шығуы аясында 0,5%-ға (14 120-дан 14 045-ке дейін) нығайды;
- Ресей рублі мұнай бағасы өсуінің жалғасуы және шетелдік инвесторлардың ФҚО-ні орналастыруға қызығушылығы аясында 0,4%-ға (64,28-ден 64,02-ге дейін) нығайды;
- Үндістан рупиясы мұнай бағасының өсуі салдарынан өткен аймен салыстырғанда наурызда сауда тапшылығының өсуі ($10,89 млрд.) аясында 0,2%-ға (69,18-ден 69,35-ке дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы экономиканың баяулауы өнеркәсіптік өндіріс пен тұтынуға әсер етуі, сондай-ақ ІЖӨ деңгейінің ағымдағы және келесі жылдарда әлеуетті деңгейден төмен болуын күтулер туралы ОБ басшысы орынбасарының таныстыруын жария ету аясында 0,2%-ға (18,75-тен 18,79-ға дейін) әлсіреді;
- Түрік лирасы ОБ банктермен своп операцияларын валюталық резервтерді қолдау үшін пайдаланғаны туралы мәлімдеулердің аясында 0,5%-ға (5,78-ден 5,81-ге дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды Пасханы атап өту қарсаңында инвесторлардың тәуекелге қызығушылығының жалпы төмендеуі аясында 0,6%-ға (13,97-ден 14,06-ға дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы елдің заңдарына сәйкес келуін тексеру мақсатында зейнетақы реформасының заң жобасы бойынша дауыс беруді кейінге қалдыру шешімінің аясында 1,2%-ға (3,88-ден 3,93-ке дейін) әлсіреді.
[1] шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды
[2] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.