Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының  жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та таңертеңгі және күндізгі сессияларды біріктіруді және сауда-саттықты 17.00-ге дейін ұзартуды болжайтын бірыңғай «тоқтаусыз» сессияны жоспарлы түрде енгізуге байланысты әзірленді.

Жобада мынадай өзгерістер көзделген:

  • тараулар тақырыбының редакциялары өзгертілген;
  • Қазақстан қор биржасының таңертеңгі (негізгі) және күндізгі (қосымша) сессияларына сілтемелер алып тасталды.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің ресми интернет-порталында танысуға болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz