Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі интернет-ресурста «Төлем жүйелері» - «Жарияланымдар және баяндамалар» бөлімінде 2018 жылғы төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының даму нәтижелеріне шолуды орналастырды.

Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсудің оң серпінін көрсетуді жалғастырып отыр. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және «Қазпочта»  АҚ 23,4 млн төлем карточкасын шығарған. 2018 жылы төлем карточкаларын ұстаушылар (19 млн адам) оларды пайдалана отырып,  19,9 трлн теңге сомаға 810,2 млн транзакция жүргізген. Оның транзакция саны бойынша үлкен үлесін қолма-қол ақшасыз операциялар (64,7%) құрайды, бұл бөлшек төлемдер нарығын дамытудағы оң үрдіс екендігін растайды. Қолма-қол ақшасыз транзакцияның жалпы карточкалық транзакция көлеміндегі үлесі 32,0% болды. Бұл ретте 2017 жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялардың көлемі 109,5%-ға өсті, ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемінің өсу қарқыны (26,5%) 4 есеге өсті.

Қазіргі таңда республика аумағында жұмыс істейтін 28 банктің 23-і жеке тұлғаларға арналған интернет/мобильді банкинг қызметтерін ұсынып отыр. 2018 жылдың соңында банктердің интернет/мобильді қосымшаларында 13,1 млн пайдаланушы (5,0 млн белсенді) тіркелген. Бұл пайдаланушылар 2018 жыл ішінде 3,1 трлн теңге сомаға 190,2 млн транзакция жасаған, бұл 2017 жылдың осындай көрсеткіштерінен тиісінше 2,1 және 2,6 есе артық. Сәйкесінше, әрбір үшінші қолма-қол ақшасыз транзакция интернет/мобильді банкинг арқылы жүргізілген.

Осылайша, Қазақстанның төлем нарығын дамытуда төлем қызметтерін жеткізушілердің инновациялық сервистерді қолдану аясын кеңейту және қашықтан қызмет көрсету көлемдерін ұлғайту бойынша оң беталыстар байқалады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz