№6 баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төлем жүйелеріне және  көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты реттеуші және бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру шегінде Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында мыналарды қалыптастырды және орналастырды:

1) төлем жүйелерінің тізілімін

Тізілімде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған төлем жүйелері, оның ішінде операторлары Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болатын шетелдік жүйелер туралы ақпарат қамтылған. Төлем жүйелері тізілімде Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 222 қаулысымен бекітілген маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштеріне сәйкес түрлері бойынша (жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйесі) бөлінген.

Төлем жүйелерінің тізілімі Қазақстан Республикасының аумағында құрылған жаңа төлем жүйелері немесе шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істей бастауы туралы ақпаратты ескере отырып, сондай-ақ тізілімдегі төлем жүйесінің түрін қайта қараған (өзгерткен) кезде жүйелі негізде жаңартылатын болады. Тізілімде көрсетілген төлем жүйесінің түрін өзгерту Ұлттық Банк жүргізген талдаудың қорытындысы бойынша, сондай-ақ төлем жүйесі операторының жазбаша өтініші негізінде (төлем жүйесі маңыздылықтың белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келген кезде) мүмкін болмақ.    

2) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімі

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілер Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 223 қаулысымен бекітілген көрсеткіштерді ескере отырып айқындалды. 

Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімі де көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын талдау қорытындысы бойынша немесе көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің маңыздылықтың белгіленген өлшемшарттарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген, оның жазбаша өтініші Ұлттық Банкке келіп түскен кезде кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.  

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz