Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

5 сәуірдегі  сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ға нығайып (380,04-тен), 379,84 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 29 наурыздан 5 сәуір аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша деректерді (наурызда жұмыссыздық 3,8%-дық деңгейде сақталды, экономиканың ауыл шаруашылығына жатпайтын салаларындағы жұмыс орындарының саны 196 мыңға артты (талдаушылардың күтулерінен жоғары), еңбекақының өсуі 0,1%-ға дейін баяулады) жария ету,  АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келіссөздердегі алға басулар туралы хабарлардың шығуы, әлемдік экономика белгілерінің жақсаруы (АҚШ пен Қытайдағы іскери белсенділік индексінің өсуі) болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды  Moody's-тің елдің тәуелсіз борышы бойынша инвестициялық деңгейінің рейтингін жаңартпау жөніндегі шешімінің аясында  2,8%-ға (14,5-тен 14,09-ға дейін) нығайды, бұл ОАР мемлекеттік облигациялардың әлемдік индексінде өз ұстанымын сақтайтынын білдіреді. Индекстен шығу инвесторлардың жергілікті облигацияларды мәжбүрлі сатуына әкелуі мүмкін;
  • Мексика песосы  Мексика  Президентінің АҚШ-қа көшіп келушілер легін тоқтатуға көмек беру туралы уәдесінің аясында 1,9%-ға (19,43-тен 19,07-ге  дейін) нығайды;
  •  Бразилия реалы Үкіметтің зейнетақы заң жобасы бойынша ілгері басуы жөніндегі хабарлардың аясында  1,3%-ға (3,92-ден 3,87-ге дейін) нығайды, ол Конгресстегі дауыс берудің 17 сәуірде өтетінін растады; 
  • Индонезия  рупиясы  АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келіссөздердің төңірегіндегі нық сенімнің аясында және Индонезия Банкі өкілдерінің ұлттық валютаның нығаюына мүмкіндік беретіні туралы хабарлардың аясында   0,8%-ға (14 243-тен 14 133-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі  АҚШ сенаторларының банктік, энергетикалық және қорғаныс салаларында, сондай-ақ тәуелсіз борышқа қатысты РФ-қа қарсы санкцияларды ұйғаратын заң жобасын талқылауға шығаруына қарамастан, бір баррель үшін мұнай бағасының $70 жоғары  өсуінің аясында  0,7%-ға (65,76-дан 65,3-ке дейін) нығайды; 
  •  Үндістан рупиясы негізгі мөлшерлеменің қатарынан екінші рет  6%-ға төмендеуі аясында 0,1%-ға  (69,16-дан 69,23-ке дейін) әлсіреді; 
  •  Түрік лирасы Түркияның ракетаға қарсы қорғаныстың ресейлік жүйесін сатып алуы бойынша іс-қимылы елдің НАТО-дағы рөлін төмендетуі мүмкін екені туралы АҚШ-тың ескертуі аясында  1,1%-ға (5,57-ден 5,63-ке  дейін)  әлсіреді. 

 шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды

АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

e-Salyq Azamat-тағы қауіпсіздік: алаяқтықтың жаңа схемалары жөнінде нелерді білу қажет

Ағымдағы жылдың басынан алаяқтар өз схемаларында eSalyk Azamat сервисін белсенді қолдана бастады, өз айлаларын асыру үшін олар аталған сервистің атын бүркемеленіп азаматтардың жеке деректерін, растау кодтарын және мемлекеттік сервистерге қол жеткізуге тырысуда.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz