Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 158,8 млрд. АҚШ долл. немесе ІЖӨ-ге қатынасы 93,1% (жыл басынан бастап 9,5%-ға жақсарып) құрады.

Сыртқы борыш құрылымында 63,6%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,0% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,8% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,6% - «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр.

2018 жылғы 4-ші тоқсанда экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен елдің сыртқы борышы 2,5 млрд. АҚШ долл. қысқарды.

Мемлекеттік сыртқы борыш жалпы сомасы 1,05 млрд. еуроны құрайтын 5 және 10-жылдық тәуелсіз еурооблигациялардың екі траншын шығару есебінен 899,1 млн. АҚШ долларына өсті.

«Банктердің» сыртқы міндеттемелері тоқсан ішінде өзгермеді, себебі бейрезиденттердің қолындағы еурооблигациялар көлемінің азаюы олардың қазақстандық банктердегі депозиттерінің өсуімен өтелді.

«Басқа секторлардың» үлестес емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышы 1,6 млрд. АҚШ долларына азайды, ол, негізінен, қарыздарды өтеу есебінен, оның ішінде ERG тобы кәсіпорындарының міндеттемелерін қайта қаржыландыру (963 млн. АҚШ долларына азаю), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың «Сбербанк России» ПАО алдындағы (371 млн. АҚШ долл.) және «Қазтеміртранс» АҚ-тың ЕҚДБ алдындағы қарыздарын өтеу есебінен орын алды.

Фирмааралық берешек ірі кен өндіруші және көліктік компаниялардың шетелдік тел ұйымдардан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1,8 млрд. АҚШ долл. қысқарды.

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 1,2 млрд. АҚШ долларына азайып, 2019 жылғы 1 қаңтарда 22,8 млрд. АҚШ долл. құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 4-тоқсанда 560,5 млн. АҚШ долларына азайып, 47,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болып, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.

Анықтама үшін:

Фирмааралық берешек тікелей инвесторлар, еншілес және тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді білдіреді және оның 65,4%-ы 2018 жылғы 4-тоқсанның соңында Қазақстан аумағында ірі мұнай газ жобаларын іске асыратын шетел компаниялары филиалдарының сыртқы борышынан тұрады.

Таза сыртқы борыш борыштық құралдар бойынша сыртқы активтерді шегере отырып, борыштық құралдар (сыртқы борыш) бойынша сыртқы міндеттемелерді білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

e-Salyq Azamat-тағы қауіпсіздік: алаяқтықтың жаңа схемалары жөнінде нелерді білу қажет

Ағымдағы жылдың басынан алаяқтар өз схемаларында eSalyk Azamat сервисін белсенді қолдана бастады, өз айлаларын асыру үшін олар аталған сервистің атын бүркемеленіп азаматтардың жеке деректерін, растау кодтарын және мемлекеттік сервистерге қол жеткізуге тырысуда.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz