29 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,5%-ға әлсіреп (378,17-ден), 380,04 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 22 наурыздан 29 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар 2018 жылғы 4 - тоқсанда АҚШ ІЖӨ-нің өсуін түпкі бағалауды жария ету, қаңтарда АҚШ-тағы сауда тапшылығының жақсаруы, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келіссөздерінің 8-ші раундын өткізу, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу келісімінің жобасын ел Парламентінің кезекті қабылдамауы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Түрік лирасы Түркия банктері шетелдік инвесторларға ұсына алатын қаржы көлемдерінің ішінара шектелуінен өтімділіктің күрт жетіспеуі аясында 53,3%-ға (5,76-дан 5,57-ге дейін) нығайды. Лирамен қарыз алу құны 1000%-ға дейін ұлғайды (своп-овернайт мөлшерлемесі);
- Оңтүстік Африка ранды бір АҚШ доллары үшін 14,5 деңгейге жуық саудаланды;
- Үндістан рупиясы экономиканың жаһандық өсуі себебінен сентименттің жалпы нашарлауы, сондай-ақ Түркияның қаржы нарығы тұрақсыздығының әсері тәуекелінің аясында 0,3%-ға (68,96-дан 69,16-ға дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы ел Үкіметіндегі, атап айтқанда Президент пен Конгресстің төменгі палатасының спикері арасында саяси кикілжіңдер аясында зейнетақы реформасының перспективалары жөніндегі инвесторлардың қауіптенулерінің аясында 0,3%-ға (3,91-ден 3,92-ге дейін) әлсіреді;
- Индонезия рупиясы ОБ-нің ұлттық валюта бағамын ұстап тұру үшін өктемдіктеріне қарамастан, шетелдік инвесторлар сентиментінің нашарлауы аясында 0,6%-ға (14 163-тен 14 243-ке дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі АҚШ-тың РФ-ға қарсы жаңа санкциялар дайындауы туралы хабарлардың асында 1,7%-ға (64,65-тен 65,76-ға дейін) әлсіреді;
Мексика песосы егер Мексика заңсыз көшіп келуді тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Президент Трамптың шекараны жабу және елдер арасындағы сауда-саттықты тоқтату туралы қорқытуы туралы хабарлардың аясында 1,8%-ға (19,09-дан 19,43-ке дейін) әлсіреді.