Назарларыңызға «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынып отырмыз.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 125,3 млрд. теңге сомасына 11 021 өтініш қабылданды. Оның ішінде 75,2 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 6 450 өтініш мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.