Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес сақтауды және кірістілікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 502,4 млрд теңге болды. Теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 432,6 млрд теңгені немесе 67,7%-ды, шетел валютасында номинирленген – 3 069,8 млрд теңгені немесе 32,3%-ды құрады.

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.  БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.

Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы ақпанда теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 65,3 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде[1]) болды, оның ішінде:

  • орташа алынған кірістілігі жылдық 8,7%-бен 36,0 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ;
  • орташа алынған кірістілігі жылдық 8,9%-бен 9,3 млрд теңге сомаға Халықаралық қаржы корпорациясының облигациялары;
  • кірістілігі жылдық 9,7%-бен 5,0 млрд теңге сомаға Еуразиялық даму банкінің облигациялары;
  • кірістілігі жылдық 1,0% мөлшеріндегі инфляция мен сыйлықақыға тең                      10,0 млрд теңге сомаға Еуропалық қайта құру және даму банкінің облигациялары;
  • 600 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді теңгемен өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жария етілген бағдарлама шеңберінде кірістілігі жылдық 10,9%-бен                       5,0 млрд теңге сомаға «Нұрбанк» АҚ-тың облигациялары сатып алынды.

Қаралып отырған кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгеден өтеу және сату. 2019 жылғы ақпанда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектісінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 9,8 млрд теңге жалпы сомада негізгі борыш өтелді, оның ішінде:

  • 4,7 млрд теңге сомаға «Цеснабанк» АҚ;
  • 5,0 млрд теңге сомаға «Хоум Кредит Банк» АҚ;
  • 0,04 млрд теңге сомаға «Абди Компани» АҚ (берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес).

Қарастырылып отырған кезеңде банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге депозиттер бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеу жүргізілді.

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.

БЖЗҚ-тың шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-тың инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтерді инвестициялаудың жалпы құрылымы мен стратегиясына сәйкес инвестицияланады.

Шетел валютасымен инвестициялар. 2019 жылғы ақпанда шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
223,0 млрд теңге болды.  Аталған көлемге жылдық 2,4% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды.

Шетел валютасында өтеу және сату.

2019 жылғы ақпанда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 84,9 млрд теңге жалпы сомаға негізгі борышты өтеу жүргізілді, оның ішінде:

  • АҚШ долларымен номинирленген АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 79,2 млрд теңге сомаға;
  • Ресей рублімен номинирленген РФ Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша 5,7 млрд теңге сомаға.

            Қарастырылып отырған кезеңде кері сатып алу шеңберінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың еурооблигациялары бойынша 15,4 млрд теңге сомаға негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу жүргізілді.

Қарастырылып отырған кезеңде сондай-ақ 1,7 млрд теңге сомаға (4,5 млн АҚШ доллары) Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарының бөлігін және «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-тың 1,2 млрд теңге сомаға (3,1 млн АҚШ доллары) депозитарлық қолхаттарын сату жүзеге асырылды.

Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 25,42 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 0,13% болды.

Бұл ретте 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы наурыздан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,80% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,99%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 6,19%-ды құрады.

 


[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілімен «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz