Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

20 наурыздағы[1] сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,1%-ға нығайып (378,51-ден), 378,17  теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 15 наурыздан 22 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  қаңтарда АҚШ ФРЖ-нің  пайыздық мөлшерлемені 2,25-2,5%-дық аралықта сақтау туралы шешімі, АҚШ Орталық банкінің ІЖӨ-нің 2019 жылы 2,1%-ға дейін өсуі болжамының төмендеуі, АҚШ пен Еуроаймақтың өндірістік секторында іскерлік белсенділіктің баялауы туралы деректерді жария ету, ЕО-ның Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын кейінге қалдыруға келісімі болды.  Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[2] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Индонезия  рупиясы  инвесторлардың тәуекел активтері сентиментінің жақсаруы және АҚШ ФРЖ-нің жұмсақ риторикасы аясында   0,7%-ға (14 260-тан 14 163-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы  АҚШ ФРЖ-нің  мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалу, сондай-ақ Комитет мүшелерінің басым бөлігінің оны 2019 жылы көтермеу туралы болжамдарының  аясында   0,6%-ға (19,21-ден 19,09-ға  дейін) нығайды;
  • Ресей рублі  салықтық кезеңнің және шетелдік инвесторлардың ФҚО-ға қызығушылығының артуы  аясында  0,2%-ға  (64,8-ден 64,65 - ке дейін) нығайды;
  • Үндістан рупиясы портфельдік инвестициялар түріндегі шетелдік капиталдың әкелінуі  аясында 0,2%-ға  (69,1-ден 68,96-ға дейін) нығайды; 
  • Оңтүстік Африка ранды  Германия, Франция және АҚШ-тағы іскерлік белсенділіктің баялауы туралы деректерді жариялаудан кейін әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында 0,7%-ға          (14,4 –тен 14,5-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы саяси тәуекелдердің өсуі аясында  2,4%-ға  (3,81 –ден 3,91-ге дейін) әлсіреді; Бразилияның бұрынғы Президенті сыбайлас жемқорлыққа  күдіктілік бойынша тұтқындалған болатын;
  •   Түрік лирасы Түркия ОБ-нің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі аясында  5,7%-ға (5,45 –тен 5,76-ға дейін)  әлсіреді.

 

 


  21-22 наурыз – Қазақстанда мереке күндері 

АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz